Жанұя деген жылы сөз!

Бүгін Ахметова Жанель үшін өте  бақытты күн. Бүгіннен бастап Жанель Нұр-сұлтан  қаласында  патронат отбасында  жаңа, бақытты өмір бастайды. Жанельдің туыстарымен кездесуі қаншалықты жылы да әсерлі  болғанына қарап , баланың өз отбасында  болуы, сүйіспеншілік пен  рухани жылулықты сезіну және енді бәрі  жақсы болатынына сенімді болу қаншалықты маңызды екеніне тағы бір рет көз жеткіздік.

Балалар бізге өмір сыйлайтын ең қымбат нәрсе екеніне ешкім күмәнданбайды. Әрбір бала сүйікті отбасын – әкесінің , анасының, інісінің немесе қарындасының ... өз ойыншықтарының, өз бөлмесінің  болғанын қалайды...Өкінішке орай, Қазақстанда көптеген балалар отбасында өмір сүру бақытынан  айырылған. Әр түрлі жастағы және әртүрлі себептермен балалар мемлекеттің қамқорлығына -сәбилер үйлеріне, балалар үйлеріне, балаларды қолдау орталықтарына түседі. Бұл балалар, барлығы сияқты, мемлекет тарапынан ерекше қорғауға және көмек алуға құқылы.

Сондықтан да бұл мекемелер оларды  әрі қарай отбасына, ең алдымен, біздің азаматтарымыздың отбасыларына  орналастырумен айналысады. Болашақ бала асырап алушы ата-аналар үшін балаларды қолдау орталығында  Бала асырап алушы ата-аналар мектебі (ОЖБ) сабақтары өткізіледі. Барлық болашақ асырап алушылар, қамқоршылар, патронат тәрбиешілер және Асырап алушы отбасылар SPR-де қажетті білім алуға міндетті. Бұл қажетті шарт. Қызымызға бақытт өмір тілейміз! Сенің өмірің  жарқын көріністер, махаббат пен қуанышқа толсын!