Қуанышты хабар

Көктемнің алғашқы күні сіздерменотбасымызда болып жатқан  бақытты да қуанышты  сәттермен бөліскіміз келеді. Неге бақытты дейсіз бе? Жауабы қарапайым: балаларды отбасына орналастыру – бұл бақыт! Отбасында өмір сүру  де –бақыт!  Ақпан айында Орталықта көптеген  әр түрлі  оқиғалар болды: әр бір балаға жекелеген  көмек көрсетуді қажет ететін қашықтан оқыту, қонақтарды  қабылдау, туған күндер,үйірме , секциялар жұмысы, ойындар, таза ауада демалу, мұз айдынында сырғанау.
Балалардың ата –аналары және туыстарымен отбасын сақтап қалу және нығайту бағытында  көптеген жұмыстар жүргізілді.

Орталық әкімшілігі ата –аналармен кездесу, үйіне бару жұмыстары  белсенді жүргізуде, қажет болған жағдайда көмек көрсетеді, ақыл –кеңес береді. Бала орталыққа түскен алғашқы күннен бастап  оны және оның отбасын сүйемелдеу жұмысы жүргізіледі. Осы айда 5 бала қамқорлыққа берілді және бір бала туған  отбасына  қайтарылды. Орталықтағы ересектер мен балалар Веорика, Даша, Сергей, Максим және Ерланға жақсы ниеттерін  білдіріп, олардың отбасына бақытты болуын тіледі. Балалардың туыстары мен жақындарына   - қамқорлыққа алу  туралы шешім қабылдағандары үшін алғыс білдіреміз! Сіздер кең жүректі адамсыздар! Құттықтаймыз! Отбасыларыңызға бақыт тілейміз! Барлығы да жақсы болсын!