2022ж.19.10.күні біздің педагогтар "Ақылды Навигатор" профилактикалық бағдарламасы және адам саудасына қарсы іс-қимыл бағдарламасын іске асыру бойынша тренингке қатысты. Тренингті Қазақстан бойынша USAID "Орталық Азиядағы қауіпсіз көші-қон" жобасының мамандары Гүлназ Келекеева, "Родник" ҚҚ заңгері Диана Бақыт жүргізді.
Тренинг 11 сессиядан тұрды, онда адам саудасы, Бала құқықтары, гендерлік теңдік, қауіпсіз көші-қон, әлеуметтік-психологиялық қолдау сияқты тақырыптар қарастырылған. Профилактикалық бағдарлама мұндай келеңсіз жағдайға түсіп қалудан аулақ болуға, адамдардың өмірлік дағдыларын дамытуға, сондай-ақ қанау мен мәжбүрлеу белгілерін тануды үйренуге бағытталған. Тренингтің формалары, әдістері мен ұсыныстары өте қызықты және танымдық материалдар көп болды. Тренинг соңында барлық қатысушыларға сертификат табысталды. Нәтижелі тренинг үшін ұйымдастырушыларға зор алғыс айтамыз!