2025 ж. 24.12. педагог-психолог А. Р. Кудушева жұмысшы мамандықтар жылына орайластырылған "Болашаққа билет" атты кәсіптік бағдар беру бағытында ашық сабағын өткізді.
Сабақтың мақсаты - тәрбиеленушілердің еңбек нарығындағы маңызды және сұранысқа ие бағыт ретінде жұмысшы мамандықтарына деген қызығушылығын арттыру, еңбекке және жұмысшы мамандықтарының адамдарына құрметпен қарауды қалыптастыру, сондай-ақ қоғамның жеке мүдделері мен қажеттіліктерін ескере отырып, болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға көмектесу.
Сабақ барысында тәрбиеленушілер жұмысшы мамандықтарының ерекшеліктері мен артықшылықтарын , олардың ел экономикасы мен дамуы үшін маңыздылығымен танысты, командалық жұмысқа қатысып, өздерінің кәсіби бейімділіктерін анықтады.
Жұмысшы мамандықтары қоғам мен экономиканың маңызды негізі болып табылады. Бұл сабақ балаларға саналы түрде мамандық таңдауға, қабілеттерін ашуға және болашаққа сенімді қарауға көмегін тигізгені сөзсіз.