2022ж.18.11.күні Балаларды қолдау орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқаны аясында «Гендерлік кемсітушілік және әйел адамдардың тәуекел тобына түсу қауіпі» тақырыбында тренинг өткізілді.
Алдымен психолог А.Р. Кудушева «Менің дүниеге келген оқиғам», «Осы балаға сипаттама бер», «Мен қандаймын?» сияқты жаттығулар топтамасын өткізді. Одан кейін әлеуметтік педагог А.А.Радионова әйелдерге қатысты құлдықтың түрлері туралы, қылмыскерлердің жыныстық құлдық индустриясына одан әрі күштеп тарту мақсатында әйелдерді алдау үшін қолданатын әдістері туралы айтты. Алынған ақпарат барлық қатысушылар үшін пайдалы болды.