Жыныстық тәрбие-бұл қиын және өте нәзік мәселе, ол туралы біздің тәрбиеленушілермен жекелей сөйлесуді қажет етеді. Балалар мен жасөспірімдерге олардың жеке басының үйлесімді қалыптасуына қауіп төндіретін, жыныстық қатынастарға ерте қызығушылықты оятатын зиянды әрекеттерден алшақ болу, жыныстық білімін жетілдіру, жыныстық жолмен берілетін аурулардың, жаман әдеттердің, ЖҚТБ – ның алдын алу мақсатында, 7-9 сынып қыздарымен педагог-психолог А. Р. Кудушева " Қыздар өз арамызда" әңгіме өткізіп, тәрбиеленушілерге ненің соншалықты маңызды екенін айтып берді. Жеке гигиенаны сақтаудың маңыздылығын, ерте жыныстық өмірдің салдары туралы баяндап берді. Қыздармен әңгімелесу барысында бойжеткен қыздың қалыптасуына, сыртқы келбетіне, ұл балалармен қарым-қатынасқа ерекше назар аудару керектігін айтты.
Өз кезегінде оқушылар да өздерін толғандыратын сұрақтарын қойды және оған жауап алды.