Біліктілікті арттырамыз

18 мамыр 2023 жыл Экибастұз қаласының Балаларды қолдау орталығының психологы Кудушева А.Р. «Өзгеріс желі» тақырыбындағы педагог-психологтардың І Облыстық форумына қатысты. Шара М. Қатаев атындағы Оқушылар сарайында өтті.

Форумның ұйымдастырушылары — Білім басқармасы мен «Тәрбие алаңы» жобалық кеңсесі. Сарайдың фойесінде авторлық бағдарламаларды таныстыру алаңы ұйымдастырылды. Ал үлкен сахнада аудандық және қалалық психологиялық қызметтердің үйлестірушілері өз қызметтері жайлы баяндама жасап, тәжірибелерімен бөлісті.

Кездесу соңында психологиялық қызмет үйлестірушілері Алғыс хаттармен марапатталды. Бұл басқосу барлығына өте қызықты әрі пайдалы болды. Форумды ұйымдастырғандарға үлкен алғыс білдіреміз!