Бірде Конфуций данагөйден: "Құдайға және , жындарға қалай қарау керек?" екендігін сұрапты. Данагөй: " Бізге олардың қатысы қанша? Алдымен өз-өзіңе және бір-біріңе дұрыс қатынасып үйреніңдер"деп жауап берді. Дәл осы сұрақ бойынша "Жаңа өмірдің басталуы" тақырыбында тренинг өткізілді.
Оның мақсаты тәрбиеленушілердің "әлем" және "келісім" ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту, "бейбіт адам" түсінігін ашу, айналасындағы адамдармен бейбіт қарым-қатынас жасау қабілеттерін дамыту. Балалар бұл әлемде өмір сүру үшін бір-бірімен қалай қарым – қатынас жасау керектігі туралы ойланды. "Әр адам ерекше және қайталанбас тұлға" деген сөздің мағынасын ашып, талдауға тырысты. "Бір-біріне", "Теремок", " Барлығы-кейбіреулер-мен ғана!", "Шеңберге тұрыңыз" жаттығулары балалардың өз ара қатынасын нығайтып, өздеріне және бір-біріне дұрыс қарым –қатынаста болуға үйретті. Бүгін сабақта психологтың көмекшісі тәрбиеленуші Гудовский Ольга болды, ол өзі бірнеше жаттығулар жасатты және ол өте сәтті шықты.