СЕМИНАР - ПРАКТИКУМ «Балалар агрессиясының алдын алу»

2021 жылғы 22 қарашада "Қатыгездіксіз және зорлық - зомбылықсыз балалық шақ" республикалық ақпараттық компаниясы шеңберінде Орталық қызметкерлері арасында "Балалар агрессиясының алдын алу"тақырыбында семинар-практикум өтті. Семинардың мақсаты қызметкерлерді агрессивті балалардың психологиялық ерекшеліктерімен, осы мінез-құлықтың себептерімен таныстыру, агрессивті балалармен жұмыс істеу, өзара әрекеттесу тәсілдеріне үйрету.

Семинардың барлық қатысушыларына "Агрессия - бұл..." деген сөзді жалғастыру және агрессивті баланының суретін салып, оның белгілерін жазу ұсынылды. Содан кейін олар балалардың агрессивті болатын себептерін, агрессияны жеңілдету үшін қажетті әдіс мен тәсілдерді , өзі-өзін ұстай білу, реттеу амалдарын анықтады.

"Достық емес шарж", "Ашу - ызамен жұмыс", "Айқай дорбасы", "Қоңырау шалу" ойыны, балшықпен (пластилинмен), құммен жұмыс, ашулануды физикалық түрде жою техникасы, релаксация техникасы: "Апельсин", "Күрес", "Штанг", "Шалтай-Болтай", "Күн сияқты жылы, жел сияқты жеңіл", "Тоқта", "Алдымен" және т.б. Бұл тәсілдер балаларға ашулануды жеңуге және оларға дұрыс жауап беруге көмектеседі. Айналасында болып жатқан оқиғаларды дұрыс қабылдауға үйретеді.