1.Тәрбиеленушімен күн тәртібін талқылаңыз, ыңғайлы орынды және қашықтықтан оқыту үшін жұмыс құрылғысын анықтаңыз.
2.Тәрбиеленушіні сабақ оқу барысында міндетті түрде қолдаңыз: оның онлайн-сабақтарының, тапсырмаларының кестесінен хабардар болыңыз, мұғаліммен тығыз байланыста болыңыз.
3.Жүктемеге назар аударыңыз: компьютермен (кез-келген басқа құрылғымен) жұмыс істеудің санитарлық-гигиеналық ережелерін сақтаңыз, сонымен қатар дұрыс жарықтандыруға, баланың дұрыс отыруына , баланың көзінен құрылғы экранына дейінгі қашықтыққа назар аударыңыз.
4.Белсенді ойындармен, жаттығулармен сабақ оқуды реттеп, тәрбиеленушінің режимін бақылаңыз.
5.Балаларға үнемі қолдау көрсетіңіз, оларды кез-келген сәттілігі үшін тіпті кішкентай болса да жетістігі үшін мадақтаңыз!
6.Қашықтықтан сабақ оқу жағдайында тәрбиеленушілерге сіздің көмегіңіз бен қолдауыңыз аса қажет. Тек мұғалім мен Сіздің ынтымақтастығы жағдайында ғана балалардың оқу нәтижелері жоғары болады.