2019 жылдың 3-қазан күні ювеналдық полиция инспекторы П.С.Жумагулованың қатысуымен « Зорлық –зомбылықтан өзіңді қалай қорғау керек» тақырыбында ақпараттық әңгіме сағаты өткізілді. Кездесу «Қауіпсіз білім ордасы» акциясы шеңберінде ұйымдастырылды.
Әңгіме сағатының мақсаты: жеке тұлғаға қатысты заң бұзушылықтың алдын алу, балаларды өзін –өзі қорғай білуге үйрету. Алдымен балаларға арнайы дайындалған «Жасөспірімдердің қауіпсіздігі» деген әлеуметтік бейнебаян көрсетілді.Содан соң инспектор П.С.Жумагулова тәртіп бұзушылардың назарын аудармай, өздерін қалай ұстау керектігі туралы, таныс емес адамдармен қарым –қатынаста болу ережелері туралы әңгімелеп берді. Кездесу қызықты және пайдалы болып өтті.