Жалғыздық

Егер сен жалғыз болсаң — өзгерту үшін не істеу керектігі туралы ойла.
Арманда , өз арманыңды қалай жүзеге асыру керектігі туралы ойлан.
Өз таныстарыңның, достарыңның арасынан жақсы ,жаныңа жақын адамдарды тап. Олардың өмірі, сенімен қатынасы туралы ойла.
Өз – өзіңмен жалғыз қалғанда қорықпа — бұл сенің ертжетуіңе көмектеседі.
Сенің жаныңда жүрген адамдармен араласпайтындары бар ма ? Неге?
Өзің жалғыз қалғанда, ештеңемен айналыспай ойлан, кітап оқы.
Кез келген адам кейде жалғыздықты сезінеді. Сен өзіңді өмірде жалғыз сезінгенмен , шын мәнінде олай емес, жаныңда міндетті түрде біреу бар, тек сен оны байқамайсың.
Өзін жалғыз сезінетіндер, маңайындағы адамдарды ұмытып кететіндігін есіңе ал. Ата –анаңа, достарыңа, әпеке , ағаңа жағымды бірдеме жаса.Бұл сенің олармен жақындасып, тіл табысуыңа көмектеседі. Көмектессең , саған да көмектеседі!
Сен расымен жалғызсың ба немесе саған солай сезіле ме?