Адам қуанып, қайғырып, көңіл көтеріп, азап шегуі мүмкін. Адамның көңіл-күйі оның қандай және қалай жұмыс істейтініне, қалай оқитынына, басқалармен қарым-қатынасына, тіпті денсаулығына байланысты болады. Дәл осы тақырыпта орта және ересек жастағы тәрбиеленушілермен тренинг өткізілді.
Тренингтің мақсаты оқушылардың өз жағдайын талдау, бағалау және эмоцияларын басқару қабілетін қалыптастыру болды. Тренингте балалар өздерінің жағдайын бағалауды, эмоцияларын басқаруды үйренді, ең бастысы көңіл-күйді басқару және реттеу әдістерімен танысты.