Егер сіз балаңыздың ашуланшақ, тұйық, кейде агессивті бола бастағанын байқасаңыз, егер ол сізбен бірге уақыт өткізуден кез – келген сылтау айтып қашқақтаса,уақытының көбісін жалғыз өткізгізі келетін болса, сабақ үлгерімі төмендеп, мектепте тәртібі бойынша проблема туындаса – бұл сіздің балаңызда жасөспірім кезеңнің проблемасы туындады деген сөз. Жасөспірімге мұндай жағдайда қалай көмектесуге болады?
• Ең алдымен отбасында оны жақсы көретіндігін, қателіктері мен проблемаларын түсінетіндігіне нақты нанымын қалыптастыру қажет.
• Өзіңіздің қылықтарыңызбен сізге сенуге болатындығын көрсетіңіз.
• Оған жайлы жағдай туғызып, оның бастамалары мен әрекетіне қолдау көрсету
• Өзіңіздің талаптарыңызды оның қалауына айналдыруға тырысу
• Білім алудың маңыздылығын насихаттау
• Оның сана – сезімін арттыруға тырысыңыз
• Жасөспірімнің сізбен сөйлесуден қашқақтайтын, жауап бергісі келмейтін сұрақтарды сұрамауға үйреніңіз.Мысалы: «Сен бүгін қандай баға алдың?» деген сұрақтың орнына « Бүгін мектепте қандай қызықтар болды? Саған мектепте не ұнады, не ұнамады?» деген сұрақтарды қойыңыз
• Бала қандай да болса сізге шындықты айтудан қорықпайтын болуы керек.
• Баланы ешқашан көңіліне алатын сөздермен ұрыспаңыз және ешқашан кемшіліктерін бетіне баспаңыз.
• Оның достарын немесе таныстарын үлгі етіп айтпаңыз.
• Өз балаңызды кейбір жағдайда тіпті икемсіз болып жатса да,әрқашан оң бағалауға тырысыңыз. Ескерту айыптаған секілді естілмеуі керек.
• Орындаушыны мақтап, тек қана орындалуына сын айту керек. Жеке басын мақтап, ал сынды жалпылай айту керек.
• Өз балаңыз үшін өмір сүріңіз.
• Оған барынша назар аударыңыз,оның әр бір сәтсіздігі үшін алаңдаңыз және кішкентай болса да жетістігіне қуаныңыз.
• Баламен бірге оның қиыншылықтарын жеңуге тырысыңыз. Ол сізді қарсыласыңыз немесе бөгде адам ретінде емес, одақтасыңыз ретінде қабылдауы керек.
• Өз балаңызға сеніңіз, сол кезде ол өзін аулада емес , өз үйінде жақсы сезінеді, үйіндегілердің өзін жақсы көретінін, құрмет тұтатынын біледі.
Сіздерге сәттілік!
Адам үшін әр бір жас кезеңі маңызды. Бірақ психологтардың пікірі бойынша жеткіншек шақ тұлға болып қалыптасу үшін маңызды деп саналады. Адам тағдырының көбісі жеткіншек өмірінің осы кезеңін қалай өткізеді, қандай психологиялық жағдайды қалыптастыруына байланысты болады. Сондықтан да жасөспірімнің айналасындағы адамдарға ата – аналары мен педагогтарға өте жауапты міндет жүктеледі. Олар балаға "қиын жасты" аман-есен еңсеруге, оның жеке тұлғасында қажетті әлеуетті өрістетуге, деструктивті иемденулер мен ішкі кедергілердің туындауына кедергі жасауға мүмкіндік беруге көмектесуі тиіс. Жасөспірімдер үшін агрессивтілік, жанжалдық, негативизм, тітіркендірушілік, тұйықтылық, ересектерден шеттету сияқты көріністер тән.Егер біз – ересектер өздерін дұрыс ұстанып, жасөспіріммен дұрыс қарым-қатынас орнататын болсақ, мұның бәрі уақытша құбылыс болып қалады.