Қысқы «Мен саған үйретемін...» жобасы шеңберінде тәрбиеші Рамазанова Куралай Бирликовна провела занятие на тему "Мен саған ұл балалармен қалай қарым –қатынаста болуды үйретемін» тақырыбында әңгіме сағатын өткізді. Оған колледж стуленттері, 9-11 сыныпта оқитын қыз балалар қатысты. Ұлдар мен қыздардың жаратылысы екі түрлі. Олар туғаннан бастап бөлекше дамиды.
Ғалымдар олардың милары, психикасы, дамуы да әр түрлі екендігін дәлелдеді. Әңгіме кезінде қыздар ұлдар мен қыздардың арасындағы нағыз достық туралы маңызды әңгіме қозғады. Қыздар әдемі ханым, ұлдар нағыз жентелмен болу үшін не істеу керетігін талқылады. Жас жігіт пен қыздың арасында болатын қарым –қатынасты қалай дұрыс жасауға, бір –бірін түсіне білуге үйрететін жаттығулар жасады.
Қанша уақыт өтсе де ер адам мен әйел адамның сұлулығы , жасөспірімдер мен қыздар арасындағы достық туралы түсінік мәңгі және өзгеріссіз қалады. Әңгіме соңында бір біріне аса мұхият болып, кешіре білу керек деген қорытынды жасады.