22 мамыр күні балаларды қолдау орталығында "Қазақстан балалары" тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде психологтар ұйымдастырған ерекше іс-шара ата — аналар университетінің отырысы болып өтті.
"Бірге өсіреміз: ата-ана баланың өміріндегі басты тәлімгері" тақырыбындағы кездесу - барлық қатысушылар үшін өте жақын және маңызды болып шықты.
Жайлы атмосферада бір – біріне сенім арта отырып, ата — аналар мен педагогтарды жиналды, оларды ең бастысы балаларға деген сүйіспеншілік біріктірді.
Кездесудің мақсаты педагогикалық сауаттылықты арттыру ғана емес, сонымен қатар балаңызға жақын болу, түсіну, қолдау және шабыттандыру қаншалықты маңызды екенін еске салу болды.
"Менің балам", "Шар", "Үш стакан", "Балаларға тыйым салу", "Махаббат күні", "Қол шапалақтау" секілді тәжірибелік жаттығулар қатысушыларға сөздердің, ым -ишаралардың және тіпті балаға қарап тұрған қарапайым көзқарастың күшін сезінуге көмектесті.
Олар күнделікті қарым-қатынаста балалар беретін маңызды сигналдарды көруді және өзара қарым – қатынаста ақылмен, жұмсақ түрде қатынасудың түрлерін талқылады.
Кездесу "Періште" деп аталатын астарлы әңгімемен аяқталды және қатысушыларға ерекше әсер қалдырды. Бұл барлық мағынаны білдіреді: ата — аналар өз балаларының балалық шақтарын қорғайтын қамқоршылары, жол көрсететін періштелері.
Көз жасын төгу, жылы құшақтасу, және ризашылықпен қарау қатысушылардың жүрегіне қалай әсер еткенін растағандай болды.