Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығындағы қызметтің жетекші бағыттарының бірі Ата-аналармен жұмыс болып табылады. Мамандардың күнделікті қажырлы еңбегімен нығайтылған толық оңалту мүмкіндігіне деген сенім әрқашан оң нәтиже береді. Орталық педагогтары мен ата - аналардың өзара әрекеттесуі ең басты мақсаты – баланың отбасында өмір сүру , анасының жанында болу үшін барлық мүмкіндіктерді қарастыру болып табылады.
Біздің ойымызша, ата-аналармен қарым-қатынастың ең сәтті жолы -серіктестік толық сенімді түрде , өмірлік қиын жағдайда қалған ата-аналардың балаларымен бірге болуына көмектесу үшін білім, дағдылар мен тәжірибе алмасуды көздейтін серіктестік құру. Отбасында әртүрлі жағдайлар болуы мүмкін, ешкім де өмірде ешқандай қиындықтар кездеспейді дегенге кепілдік бере алмайды. Бұл жерде ең бастысы-бір –біріне деген сенім мен қолдау көрсету.
Орталыққа жуырда тағдырдың қалауымен жаңадан үш бала келді. Олардың анасы отбасының қосылатынына сенеді және мүмкіндігінше орталыққа келіп өз балаларымен ғана емес , басқа балаларға да қолдау көрсетуге асығады . Қысқа уақыт ішінде ол өз жанына моншақ тоқуды үйренгісі келетіндерді жинады , қыздарға қызықты заттарды тоқуды үйретті, айналасында шығармашылық атмосфера құрды. Балалардың жұмысы өте керемет! Әрине, балаларды үйге қайтару процесі оңай емес, бірақ біз жақсылыққа сенеміз - ақыл-ой, жақсылыққа деген сенім және әрине балаларға деген сүйіспеншілік іқкашан да жеңеді.