Балалардың құқықтарын қорғау-сұрақтар, жауаптар және уақыт талабы

2020 ж. 6.09. балаларды қолдау орталығының сегіз педагогы республикалық "Балалардың құқықтарын қорғау-сұрақтар, жауаптар және уақыт талабы" тақырыбындағы онлайн - семинарға қатысты. Бұл семинар "SANA" зияткерлік орталықтың ұйымдастыруымен өткізілді. Сеинардың спикері педагогика ғылымдарының кандидаты , Республикалық отбасы және әйелдер, балалардың құқығын қорғау Кеңесінің мүшесі Жумабекова Рысты Маговьяновна. Семинар барысында келесі мәселелер қаралды:

Балалардың құқықтарын қорғау - мемлекеттің басым міндеті (бағдарламалар, жобалар, НҚА);
Балаларды тәрбиелеудегі отбасының рөлі және оларды теріс сыртқы көріністерден қорғау;
Баланың жеке басын қалыптастыруға әсер ететін отбасы, сыртқы орта фактілері мен мәселелері;
Білім беру органдары және олардың руханият пен имандылық деңгейі жоғары қоғамның толыққанды мүшесін қалыптастырудағы рөлі " Салауатты рух-дені сау дене; салауатты ойлар; жақсы дағдылар мен білім»;
Әлем қатігез болып кетті немесе біз?;
Уақыт сын-қатерлері-олар неден көрінеді;
Балаларға қатысты қатыгез қарым-қатынас пен зорлық-зомбылық көрсетудің пайда болуы өңірлерді мысалға ала отыра;
Өз –өзіне қол жұмсау.Сұрақтар мен мәселелер;
Балалардың құқығы мен мүддесін қорғаудағы мұғалім, психолог, әлеуметтік педагогтың рөлі;
Лектор тұрғысынан елдегі балалардың құқықтарын қорғау мәселелеріндегі проблемаларды шешу жолдары.