Білімді ұлт – тұрақты дамудың кепілі

2021ж.23.08. Балаларды қолдау орталығының педагогтары онлайн – форматта өткен "Білімді ұлт-тұрақты дамудың кепілі" тақырыбындағы аумақтық тамыз конференциясының жұмысына қатысты. Пленарлық бөлімді облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов ашты, ол барлық білім беру қызметкерлерін жаңа оқу жылымен құттықтап, Павлодар өңіріндегі білім беру перспективалары, мектептерді жаңғырту туралы, тағы бір ерекше жыл - онлайн-офлайн оқыту форматындағы оқу жылы басталғаны туралы баяндады.

Конференция өте қарқынды, қызықты және ерекше жағдайда өтті. Тамыз конференциясының спикерлері Хельсинки, Мәскеу, Нұрсұлтан қалаларынан келген қонақтар болды , олар білім берудің өзекті мәселелерін айтып, цифрландыру, функционалдық сауаттылық, "Оқитын мектебі", "Жаңа кәсіптер атласы" және басқа да ұлттық жобалары туралы жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.

Барлық ұсынылған сұрақтар облыс педагогтары үшін қызықты және өзекті болды .Ұйымдастырушылар мен барлық спикерлерге нәтижелі де қызықты тамыз конференциясын өткізгені үшін алғысымызды білдіреміз! Барлық педагогтарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймыз!