2022ж.28.10. күні Орталықта жаңадан келген мамандарды жұмыс жағдайына бейімдеу бойынша тренингтік жұмыс жүргізілді. Психодиагностика арқылы жас педагогтардың жеке басының дамуы және олардың педагогикалық шеберлігі бақыланады.
Тренингтің мақсаты-жас педагогтардың өмірлік қиын жағдайдағы балалармен жұмыс жасауына психологиялық бейімделуіне ықпал ету, атап айтқанда: жұмысқа қатысты кететін қателер мен типтік иллюзияларды түзету; кәсіби қызметтің мотивациясын арттыру, педагогикалық ортада оңтайлы мінез-құлық үлгілерін табу; кәсіби қызметтің оңтайлы стратегиясын таңдау. Жаңадан келген педагогтар орталықтың тыныс –тіршілігімен нығыз байланыста болады.
Жұмыстың алғашқы күнінен бастап әріптестерімізбен, балаларымызбен, оқушыларымыз оқитын мектеппен танысу басталады. Алда жас мамандарды педагогтарға арнау, тәлімгер онкүндігі, жас педагог апталығы сияқты дәстүрлі іс-шаралар күтіп тұр. Әдістемелік бірлестік отырысында жаңадан келген мамандарға «Жас маманға арналған жаднама» табысталды.