2023 ж. 07.11. Астана қаласындағы практикалық семинарға қатысу қорытындысы бойынша балаларды қолдау орталығының әлеуметтік педагогы А. А. Родионова әріптестерімен жұмыс тәжірибесімен бөлісті, Практикалық сабақты тақырыпты енгізумен, проблемалық жағдайларды шешумен, психологиялық жаттығулардың тапсырмалары мен элементтерін орындау бойынша өткізді.
Педагогтар кейсты талдап, отбасының эко картасын жасады. Олар курстарды өткізудің жоғары деңгейін және осы кезеңде отбасымен жұмыс істеу тәжірибесіне енгізуге болатын қызықты материалды атап өтті.