Орталықтың тәрбие жұмысы жүйесінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды дамыту мен тәрбиелеу үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету бойынша түрлі әлеуметтік әріптестермен өзара байланыс айқын байқалады. Тәрбиеленушілердің әлеуметтік маңызды құзыреттерін дамыту үшін жағдай жасау бойынша әлеуметтік әріптестіктің жаңа нысандарын айқындау мақсатында 2023ж.19.05.күні балаларды қолдау орталығында тәрбиеленушілердің әлеуметтік маңызды құзыреттерін дамыту үшін жағдай жасау бойынша Орталықтың әлеуметтік әріптестермен бірлескен жұмысын жетілдіру тақырыбында педагогикалық кеңес өтті .
Педагогикалық кеңесте шешілген негізгі міндеттер:
1. Мекеменің дамуының осы кезеңінде орталықтың қоғаммен байланысының жай-күйін талдау, әлеуметтік әріптестікті дамыту бойынша педагогикалық тәжірибе, пікір алмасу.
2. Тәрбиеленушілердің әлеуметтік қажеттілігі және өмірлік дағдыларын дамыту мақсатында әлеуметтік әріптестікті дамытуда орталықтың қызметін жандандыру жолдарын талқылау және айқындау.
3. Балаларды қолдау орталығы , мектеп, отбасы және қоғамдық мекемелермен өзара байланысын кеңейту және тереңдету жолдары, формалары мен тәсілдерін белгілеу.
Педагогтер тәрбиеленушілердің әлеуметтік маңызды құзыреттерін дамыту мақсатында жағдай жасау үшін мұғалімдердің, ата-аналардың және қоғамдық мекемелердің өзара іс-қимылының жаңа нысандарын іздеу мәселесін шешіп қана қоймай , бірлескен жұмыста өздері де осы құзыреттерді белсенді түрде көрсетті. Микро топтардағы жұмыс, әлеуметтік серіктестік моделінің шығармашылық көрінісі, жаттығулар және квик-мәселелерді шешу бірыңғай шешімге келуге мүмкіндік берді-әлеуметтік серіктестіктен құрылған құрылымы мен моделін білім беру және тәрбие процесінің сапасын одан әрі арттыруға әлеуеті бар тиімді деп санауға мүмкіндік берді. Меморандумдар мен жасалған шарттарға сәйкес осы бағыттағы жұмысты жалғастыру ұсынылды .