Курстық дайындық

2022ж.29.04. күні - әскери қолданбалы спорт түрлері бойынша жарысқа қатысушылар үшін ғана емес , сонымен қатар арнайы білім беру ұйымдары директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары үшін оқыту курстарынан өткен Абдулина Гузель Кинигалеевна үшін де нәтижелі күн болды. Курсты  М.М.Катаев атындағы  оқушылар сарайы базасында "Тәрбие алаңы" жобалық кеңсесінің мамандары ұйымдастырды.  Курс тақырыбы "Арнайы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының заманауи әдістері".

Барлық тақырыптар өзекті болды. "Отбасы институты-жасөспірімнің жеке басын  қабылдайтын   және сенім білдіретін  аумақ" мәселесіне ерекше назар аударылды. "Тәрбие алаңы" жобалық кеңсесінің меңгерушісі Камила Сәлімқызы Мадығұлова осы тақырыпты аша отырып: "Отбасы дәстүрлі түрде тәрбие мен әлеуметтенудің басты институты болып табылады. Әр адам үшін екі отбасы бар. Ол өзі  туып өскен отбасы   және өзі  құрған   қазір өмір сүріп жатқан отбасы. Болашақ отбасы туралы идеялардың жағымды болуы өте маңызды  және олар оның туған отбасында  қалыптасады, белгілі бір отбасылық құндылықтар қалыптасуы  әр  адам үшін  маңызды міндет атқарады..»  Сонымен  қатар "Тәрбие алаңы" психологы Шамсутдинова Валентина Юрьевна  мғынасын ашып көрсеткен  "Педагогтың психикалық денсаулығын сақтау әдістері кәмелетке толмағандар арасында аутодиструктивті көріністердің пайда болуының алдын алу факторы " тақырыбы да өзекті болды.

Тәжірибе көрсеткендей, педагогқа  дәрі-дәрмектер емес, әлеуметтік-психологиялық қолдау қажет, ол педагог үшін  эмоционалды  резервтерді сақтауға және жұмыстағы қиын жағдайларға бейімделуді арттыруға бағытталған қажетті кәсіби қасиеттерді, дағдыларды дамытуға арнайы көмек болып табылады. Сабақ барысында оқытушы қолданған  ойындар мен жаттығулар педагогты  ұзақ уақыт жағымды эмоциялармен қамтамасыз ететін ішкі ресурстарды іздеуге бағытталған. Семинар туралы әсер керемет! Бұл бір –бірін тікелей көре отырып,  қарым-қатынаста болу,  кез-келген адамды тыңдау және осы көзқарасты талқылау мүмкіндігінің болуы  бұл семинарды басқалардан ерекшелендірді. Курс соңында қатысушылар сертификаттар алды.