Павлодар облысында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының педагогтері үшін біліктілікті арттыру курстарының алғашқы легі басталды. Оқыту Қазақстан Республикасы Білім министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің тапсырмасы аясында Екібастұз қаласында ұйымдастырылды.
Бірінші лекке "Үміт" балаларды қолдау орталығының және "Жас Өркен" Жасөспірімдер үйінің педагогтары қатысады. Курс барысында білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін балалармен жұмыс істеудің заманауи технологиялары мен тиімді педагогикалық тәсілдері қарастырылады. Сондай-ақ қатысушылар Қазақстанның SOS балалар ауылдарының тәжірибесін зерттейді.
Сабақтарды "Өркен"балалардың әл-ауқатын арттыру жөніндегі Ұлттық ғылыми-практикалық институттың сертификатталған жаттықтырушылары өткізеді. Бағдарламаның негізгі мақсаты-мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру және балаларды қолдау жүйесін жетілдіру.