2023ж.08.11 "Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" Республикалық науқанын іске асыру аясында "БҚО - да психологиялық жайлы жағдай жасау" тақырыбында практикалық семинар-тренинг өтті, оған орталықтың педагогтары мен мамандары ғана емес , сонымен қатар тілек білдірген тәрбиеленушілер де қатысты.
Ұйымдастырушы және жүргізуші Абдулина Г .К. болды, ол қатысушыларды Республикалық акцияның басталуы, балалардың "зорлық-зомбылық" тақырыбына қатысты пікірлерін анықтау бойынша сауалнама нәтижелері туралы таныстырды. Педагогтар педагогикалық қарым-қатынас стильдерін, топта психологиялық жайлылықты қалыптастыру әдістерін талқылады , балалармен бірге "Мен және менің көңіл-күйім", "Татуласу қорабы" әдістемесін қолдана отырып, эмоционалдық шиеленісті жеңілдету үшін жаттығулар жасады, оларды жаман көңіл-күйден арылудың қолайлы формалары ретінде қолдануға болады.
Семинардың құндылығы оның практикалық бағытта өзекті білім толықтыруда , балалардың эмоционалдық саласында педагогтардың педагогикалық құзыреттілігін арттыруда, жанжалды жағдайлардың алдын алу мақсатында балаларға эмоционалды - педагогикалық әсер ету бойынша жұмыс дағдыларын қалыптастыруға көмегін тигізгендігінде болды.