«Тәрбие жұмысының бірыңғай бағдарламасын бекіту туралы»

26.09.2023 ж. Абдулина Г.К. ұйымдастыруымен әдістемелік бірлестіктің алғашқы отырысы өтті. Күн тәртібінде келесі мәселелер талқыланды: мекеменің әдістемелік жұмысының басым бағыттары.

«Жоғары оқу орындарынан басқа білім беру ұйымдарында «Тәрбие жұмысының бірыңғай бағдарламасын бекіту туралы» бұйрық және ережемен танысу. 2023–2024 оқу жылына арналған нұсқаулық-әдістемелік хаттағы (Астана) ұсыныстарға сәйкес тәрбие жұмысының жоспарын түзету.

Тәрбие жұмысы аясында ашық сабақтар жүйесін жоспарлау. Қоғамдық жүктемелерді бөлу / өзін-өзі басқару, үйірме жұмысы, тәлімгерлік, ұжымдық шығармашылық істер / Жас мамандарға тәлімгерлерді бекіту.

Балалардың денсаулығын қорғау туралы бұйрықпен танысу. Балалармен жұмыс барысында техника қауіпсіздігі мен жарақаттанудың алдын алу шараларын ұйымдастыру.