28 қараша күні Орталықта «Өзгерістердің режиссёры – педагог: креативтік іс-әрекет» атты ерекше әрі өте шығармашылық педкеңес өтті. Біз педкеңесті нағыз түсірілім процесіне айналдырдық!
Гример бөлмесі, бес түсірілім алаңы, педагогикалық «эпизодтар» мен жоба презентациялары — бәрі үлкен кинокомпаниядағыдай ұйымдастырылды. Мақсат – педагогтардың креативтілігін дамыту, тәжірибе алмасу, бір-бірін шабыттандыру және Орталықтың инновациялық ортасын күшейту.
Біздің «фильмге» 5 павильонның жұмысы енді:
Павильон №1 – «Адал Азамат», режиссер Сагындыкова Н.Т.
Павильон №2 – «ДосБолLike», буллингсіз аймақ, режиссер Кудушева А.Р.
Павильон №3 – «Гендерлік қауіпсіздік және құрмет», режиссер Мукашева А.Д.
Павильон №4 – «Зиянды әдеттердің алдын алу және денсаулықты қорғау», режиссер Ткачева Л.Д.
Павильон №5 – «Цифрлық сауаттылық және қауіпсіздік», режиссерлер Жоламан Г.Н., Швачко А.Н.
Әр павильон өздерінің «мини-фильмін» – педагогтар балалармен күнделікті жұмыстарында қолданатын идеялар, тәсілдер мен табысты шешімдерді ұсынды. Соңында «Айдың педагогы» айдары бойынша қорытынды шығарып, түсірілім күнінің нағыз жұлдыздарын атап өттік.
Бұл педкеңес тағы бір рет Орталықтың педагогтары – әр баланың болашағын әрбір сөз, әрбір сабақ, әрбір кадр арқылы қалыптастыратын өзгерістер режиссёрлары екендігін дәлелдеді.