2020ж. 23.09. Орталықта Әдістемелік бірлестіктің отырысы болып өтті. Жоспар бойынша қаралған мәселелерден тыс педагогтар «Педагогикалық этика мәселелері» мен танысып талқылады. 2020 ж. 11. 05. ҚР БҒМ –гі министрінің «Педагогикалық этиканың кейбір мәселелері туралы» № 190 бұйрығы шықты.
Педагогикалық этика ережесі ҚР – ның «Білім беру Заңы» және « ҚР – ның «Педагог мәртебесі» Заңының ережелеріне сәйкес дайындалып жасалған. 2016ж. 08.01.№9 бұйрықпен шыққан «Педагогикалық этика ережелерін бекіту туралы» педагогикалық этика ережелеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Педагогтардың педагогикалық этика ережелерін білуі және сақтауы олардың кәсіби қызметі мен еңбек тәртібінің сапасын бағалау критерийлерінің бірі болып табылады.
Педагогтар педагогикалық этиканың негізгі принциптері және нормаларымен танысты. Кәсіподақ комитетінің төрайымы К.Б. Рамазанова білім беру ұйымдарында педагогтардың педагогикалық әдепті сақтауы мәселелерін қарайтын педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес құрылады. Кеңестің міндеттері: Білім беру ұйымы ұжымының адамгершілік-психологиялық ахуалын жақсарту болатыны туралы таныстырды.