Педагогтің жеке білімін жетілдіру траекториясы

2023ж.03.02. күні балаларды қолдау орталығының педагогикалық ұжымы үшін "Педагогтың жеке білімін жетілдіру траекториясы" тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Семинарды облыстық педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру институтының Инновациялық білім және ақпараттық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Идилуп Айман Төлегенқызы өткізді.

Педагогикалық семинар бағдарламасы білім берудегі әлеуметтік-педагогикалық ұғымдар туралы теориялық білімді жүйелеуге бағытталған: "құзыреттілік тәсіл", "құзыреттілік"," құзырет", ұғымдардың мағыналары мен мазмұны.

Айман Төлегенқызы келесі мәселелерді кең көлемде ашып түсіндірді: жеке білім беру бағыты дегеніміз не, жеке білім жетілдіру бағытын әзірлеу алгоритмі қандай? Талқылау үшін педагогтердің жобалау - зерттеу қызметінің әдістері, жобаларды жіктеу , бағдарламаларды, жобаларды ресімдеуге қойылатын талаптар , бағдарламаның, жобаның негізгі сипаттамаларының кешені туралы сұрақтар ұсынылды. Аттестаттауға дайындық бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді, барлық негізгі құжаттар қаралды.

Семинар жас педагогтардың кәсіби бейімделуін , педагогтің кәсіби стандартының талаптарына сәйкес келетін кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыруды қамтамасыз етуге, олардың кәсіби шеберлігіне қол жеткізу деңгейін арттыруда әдістемелік қолдау көрсеткені үшін пайдалы болды.