2024 ж. 08.10. орталықтың педагогтары ҚР ОАМ –нің қолдауымен "ЕL UMITI" корпоративтік қоры ұйымдастырған облыстық семинар-тренингке қатысу үшін Павлодар қаласына шақырылды. Оқытудың басты міндеті-"4К" саласында мектеп жасындағы балалардың қабілеттерін диагностикалау және әлеуметтік – психологиялық білімді дамыту, сыни ойлау, креативтілік, коммуникация, дағдылар мен әдістемелер жүйесімен таныстыру болды. Педагогтарға балалардың қабілеттерін анықтау және "4К" дағдыларын дамытудың бірегей авторлық әдістемелері ұсынылды. Бұл жоба оқу үшін жаңа мүмкіндіктерді анықтауға және оқушылардың қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Бұл әдістеменің негізгі компоненттері психологтарға, тәрбиешілерге, мұғалімдерге балалардағы шығармашылық дағдыларды дұрыс дамытуға көмектесуге бағытталған. Қорда көптеген инновациялық білім беру жобалары бар, сондай-ақ олар халықаралық серіктестермен белсенді ынтымақтасады . Жобаның міндеті-күрделі материалдарды бейімдеу, оларды қол жетімді болдыру болып табылады.