Балалар ұжымында буллингтің алдын алу шаралары

«Балалар ұжымында буллингтің алдын алу» тақырыбында семинар-практикум орталық педагогтары үшін ұйымдастырылды.

Мақсаты: балалар ортасындағы даулардың алдын алу, конфликт жағдайларын болдырмау және жеңудің жолдарын іздеу. Семинар барысында білім беру ортасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және педагогтардың буллингтің алдын алу саласындағы құзыреттілігін арттыру мәселелері талқыланды. Теориялық материалдарды әлеуметтік педагог Родионова А.А., ЗРВР Абдулина Г.К., Рамазанова К.Б., психолог Кудушева А.Р. әзірледі.

Семинардың практикалық бөлігінде педагогтар қатысуымен рөлдік ойындар мен психологиялық жаттығулар өткізілді, педагогтың буллингтің алдын алу жағдайларындағы рөліне мән беру, педагогтың мінез-құлқы ерекшеліктері қаралды. Барлық педагогтарға ескерткіш парақшалар берілді. Іс-шара іскерлік ынтымақтастық және күрделі жағдайларды кәсіби шешуге қызығушылық атмосферасында өтті.