«ДосboLIKE» бағдарламасын енгізу бойынша тренинг-семинар

Екібастұз қаласындағы «Үміт» арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығында «ДосboLIKE» бағдарламасын енгізуге бағытталған тренинг-семинар ұйымдастырылды.

Іс-шараны «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты өткізді. Тренингтің басты мақсаты – орта білім беру ұйымдарында буллингтің алдын алу, достық қарым-қатынасты қалыптастыру және балалар үшін қауіпсіз, қолайлы орта құру.

Семинарды институттың білікті тренерлері Жунусова А.Р. мен Ашимбетова Р.Д. жүргізіп, қатысушыларға буллингтің алдын алу жолдары мен тиімді әдіс-тәсілдері ұсынылды. Сонымен қатар, «ДосboLIKE» бағдарламасының мазмұны мен ерекшеліктері таныстырылды.

Семинар аясында курс тыңдаушылары орталықтағы балалармен тренингтер өткізіп, оларды достық пен өзара құрметке шақырды. Бұл шара балалардың әлеуметтік бейімделуіне оң әсер етіп, сенімділік пен ашық қарым-қатынас орнатуға жағдай жасады.