Бүгінде біздің балалар гаджеттер, клиптер, рилстер, қысқа видеолар мен визуалды оқиғалар ортасында өсіп келе жатқан әлемде өмір сүріп жатырмыз. Олар кадрлармен ойлайды, динамикаға жауап береді, бейнелерді тез есте сақтайды.
Демек, XXI ғасырдың педагогы — бұл тек қана тәлімгер емес, өзгерістер режиссёры, актер, яғни баланы шабыттандыратын даму сахналарын, қызығушылық кеңістігін, әсерлі кадрларды жасай алатын адам. Педагогикалық кеңесте педагогтар режиссёр мен актер рөлдерінде болып көрді. Бұл жай ойын үшін емес, әрқайсымыз күн сайын өз «педагогикалық фильмімізді» түсіріп жүргенімізді түсіну үшін жасалды. Қазіргі бала — цифрлық, визуалды, жылдам. Оған қажеті: жарқын бейнелер, қысқа да нақты ақпарат, динамика мен интерактив, қауіпсіз цифрлық орта (соның ішінде «Адал Азамат» бағдарламасы аясында), сондай-ақ оның әлемін түсіне алатын заманауи ересек адам.
Қазіргі педагог мыналарды білуі керек:
– тез ауыса білу,
– оқу процесінде жанды, шынайы жағдайлар жасау,
– медиа мен шығармашылықты пайдалану,
– адалдық, мейірімділік, сыни ойлау сияқты құндылықтарды қалыптастыру,
– баланың тәжірибесіне айналатын «сәтті түсіре» білу.