Курс аяқталды

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында балалармен жұмыс істеудегі заманауи технологиялар мен тәсілдер» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курстары өз мәресіне жетті.

Курсқа қатысқан 24 тыңдаушының барлығы оқуды сәтті аяқтап, сертификаттарға ие болды. Бұл курс тек білім беру бағдарламасы ғана емес, сонымен қатар кәсіби дамуға, тәжірибе алмасуға және балалармен жұмыс жүргізу тәжірибесін жаңаша зерделеуге мүмкіндік берген маңызды  алаңға айналды.

Оқытудың жоғары практикалық маңыздылығын, бағдарламаның мазмұндылығын және күнделікті кәсіби қызметте тиімді қолдануға болатын көптеген құралдар, әдіс-тәсілдер мен материалдардың ұсынылғанын ерекше атап өткім келеді. Педагогтар жаңа көзқарастардан, тың идеялардан және өз жұмыстарын одан әрі жетілдіруге арналған мүмкіндіктерден шабыт алды.

Бағдарлама барысында практикалық жаттығуларға, кейстерді талдауға және жағдаяттық тапсырмаларды шешуге ерекше көңіл бөлінді. Бұл қатысушыларға тек білім алып қана қоймай, күрделі жағдайларда дұрыс әрекет етуге деген сенімділікті қалыптастыруға мүмкіндік берді. Ұсынылған көптеген құралдарды күнделікті жұмыс тәжірибесіне енгізуге толық мүмкіндік бар.Қорытынды диагностика барысында педагогтер тест тапсырмаларын орындауда жоғары нәтижелер көрсетіп, оқу материалының толық меңгерілгенін дәлелдеді.

Курсты ұйымдастырған Балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты «Өркен» ұжымына және оқытушы Жүнісова Әлия Рахметжанқызына кәсіби шеберлігі, мазмұнды әрі терең бағдарламасы, практикалық бағыттағы оқыту тәсілі және ашық, сенімді кәсіби диалог атмосферасын қалыптастырғаны үшін шынайы алғысымызды білдіреміз!

Мен үшін бұл курстар жай ғана оқу емес, кәсіби әрі адами тұрғыдан маңызды тәжірибе болды. Олар баланы дер кезінде байқап, оның жан дүниесін түсініп, қолдау көрсетудің қаншалықты маңызды екенін тағы бір мәрте еске салды.

Ұйымдастырушыларға, тренерлерге және «Өркен» институтының бүкіл ұжымына жоғары кәсібилігі, өзекті тақырыптарды қамтығаны және ашық диалог алаңын қалыптастырғаны үшін тағы да алғыс айтамыз. Осындай курстар мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттырып, балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауда анағұрлым тиімді жұмыс істеуіне ықпал етеді.