Жетім және ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына орналастырудың жаңа тәсілдері туралы

Жаңа оқу жылы қарсаңында жыл сайын ҚР БҒМ Білім беру ұйымдарының қызметкерлері үшін тамыз кеңестерін өткізеді. 2021 жылғы 12 тамызда Педагогтердің тамыз конференциясы шеңберінде балалар құқықтарын қорғау Комитетінің ұйымдастыруымен "Балаларды отбасына орналастырудың жаңа тәсілдері туралы" тақырыбында панельдік сессия форматында Республика педагогтарымен онлайн-кездесу болып өтті.

Кездесуде қамқоршылық кеңестердің қызметі туралы, балалар үйлерін трансформациялау туралы, "Тәлімгерлік" жобасы туралы , отбасы жағдайында , қорғаншылықта , балалар ауылдарында көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға ықпал ететін жаңа тәсілдерге қатысты мәселелер, интернаттық ұйымдардың қоғамдық мекемелермен жұмыс жасауы және т.б. мәселелер қаралды.

Панельдік сессия жұмысының қорытындысы ретінде қатысушылар пікір алмасып, баланың жеке басын дамыту бойынша жұмысты ұйымдастыру бойынша нақтылы әдістемеліктер мен өз ұсыныстарын енгізді. Секциялық отырысты ұйымдастырғаны үшін және осы іс-шараның өзектілігі мен мазмұндылығы үшін алғыс айтамыз. Панельдік сессияға Орталықтың әлеуметтік педагогы А.А.Родионова қатысты.