«Балалардың өзін өзі басқаруы Орталық тәрбиеленушілерінің әлеуметтенуінің бір түрі»

2021ж.20.01 күні ӘБ – тің дәстүрлі отырысы «Балалардың өзін өзі басқаруы Орталық тәрбиеленушілерінің әлеуметтенуінің бір түрі» тақырыбында өтті. Отырыста «Орталықтағы балалардың өзін –өзі басқару жұмысы жүйесі» мәселесі қаралды: балалардың кеңес жұмысына деген қызығушылықтарының төмендеуі,балалардың өзін –өзі басқаруын дамыту әдістері, ересектер мен балалардың бірлескен жұмыс түрлері, кеңестер қызметін ұйымдастыру, ұжымның дамуының әр түрлі кезеңіндегі өзін –өзі басқарудың динамикасы.

ӘБ отырысы барысында кеңестердің үйлестірушілері Орталықтың белсенділері туралы ақпарат ұсынды, артықшылықтары мен кемшіліктерін баяндап, белсенді балаларды және әр түрлі себептермен көшбасшылық қасиетін көрсетуге қызығушылығы төмендеген балаларды атап өтті.

Практикалық бөлімінде ӘБ мүшелері топпен, жұппен жұмыс істей отыра SWOT- талдау жасады, Орталықтағы балалардың өзін – өзі басқару қызметінің жақсы және әлсіз тұстарын анықтап, тәрбиеленушілердің өзін –өзі басқару Кеңесі жұмысына белсенді болуына ынталандыру керектігін айтты.Отырыстың қорытындысы бойынша топтағы Кеңестер жұмысын жандандырсын деген шешім қабылданды. Бұл жұмысты бақылау БТЖО Г.Н.Абдулинаның қолдауымен Орталықтың әкімі А.Махажановаға және кеңестерді үйлестіруші тәрбиешілерге тапсырылды.