2024 ж. 16.01. БҚО -да педагогикалық кеңес өтті. Педагогикалық кеңесте "Педагог құзыреттілігінен тәрбиеленушінің құзыреттілігіне әлеуметтік жобалар арқылы" тақырыбын ашу арқылы тәрбиеленушілердің әлеуметтік тәжірибесін байыту мәселесі талқыланды.
Орталық педагогтарының кәсіби қызметі көп қырлы және белгілі бір білімді, дағдыларды, әдеттерді және қасиеттерді қажет етеді. Білім беру жүйесінде қандай реформалар болмасын, нәтижесінде олар белгілі бір орындаушы – педагогқа келіп тіреледі. Бұл негізгі инновацияларды іс жүзінде жүзеге асырудың негізгі тұлғасы болып табылатын адам - педагогтар. Әр түрлі инновацияларды тәжірибеге сәтті енгізу үшін, оның алдына қойылған міндеттерді жаңа жағдайда іске асыру үшін педагог кәсіби құзыреттілік пен кәсібиліктің қажетті деңгейіне ие болуы керек.
Педагогикалық кеңесте Қ. Б. Рамазанова сөз алып тәрбиеші мен тәрбиеленушінің кәсіби құзыреттілігі, құзыреттілік түрлері туралы мәселені ашып қана қоймай, өлшемшарттарды белгіледі , сонымен қатар тәрбиеленушілердің негізгі құзыреттіліктерінің қалыптасуына салыстырмалы талдау жүргізді. Орталықта балалардың басым бөлігі жаңадан келгендер болғандықтан әлеуметтік жобаларды іске асыру арқылы тәрбиеленушілердің тұлғалық қалыптасуы бойынша жекелеген мәселелерді қайта қарау қажеттілігін баса айтты. Микро топтарда жұмыс істей отырып , педагогтар балалармен жұмысты жандандыру үшін бірқатар қызықты педагогикалық идеяларды талқылады. Балалардың әлеуметтік құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған шешімдер қабылданды.