«30 қайырымды іс» акциясы

Екібастұз қаласының төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері азаматтық қорғау органдарының ардагерлерімен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына арналған «30 игі іс» республикалық акциясы аясында өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығында «Ізгі хат» байқауын өткізді.

Іс-шара барысында балалар ардагерлер мен қазіргі құтқарушыларға арнап алғыс пен ізгі тілекке толы хаттар мен ашық хаттар жазды. Балалар құтқарушылардың ерлігіне, жанқиярлығы мен күнделікті еңбегіне шынайы ризашылықтарын білдіріп, жылы лебіздерін арнады.

Осындай іс-шаралар балалардың бойында мейірімділік пен адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға, сондай-ақ қауіпті мамандық иелеріне деген құрмет пен азаматтық қорғау жүйесіндегі ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға бағытталған.