Ал сіздің ең жақын досыңыз бар ма?

Қазіргі күні көптеген адамдардың өмірі әр бір минутына дейін есептелген, достарымен сөйлесуге де уақыт тапшы болып жатады. "Сіз өзіңіздің ең жақын досыңызбен қашан кездестіңіз?" деген сұраққа көбісі нақты жауап бере алмауы мүмкін. Негізінде өзінің жұмыс бастылығына қарамай жүрегіне жақын, жақсы көретін, өзіне қымбат достарымен кездесуге уақыт табатын адамдар сирек кездеседі. Осы аптада "Аманат "партиясының қалалық мәслихаттың депутаты," Екібастұз "балалар қоры" ҚҚ басшысы Татьяна Викторовна Шмидт балалармен кездесуге келді.

Мерекемен құттықтау, маңызды мәселені талқылау , жаңалықтарын білу, құпиялармен бөлісу- бұл өте керемет сезім! Татьяна Викторовнамен кездескеніне жаңадан келген Гуркин Илья өте қуанышты болды. Ол ересектерден Татьяна Викторвнаны балалардың қайдан танитынын, ол мұнда не үшін келгендігін сұрай берді. Әрине, оған Татьяна Викторовна тек балаларға ғана емес оның жаңа ортада өзін қалай сезініп жүргендігін,балалар оны қалай қабылдағандығын білуге келгендігін жеткізді. Мұндай жауапқа Илья қатты қуанып, мақтанышпен жан –жағына қарады.

Екібастұз қаласының кәмелетке толмағандар ісі бойынша комиссиясы, Татьяна Викторовна және балаларды қолдау орталығының басшысы Н.А.Абдрахманованың қолдауымен Илья аз уақыт ішінде көптеген қуанышты сәттерді басынан кешірді. Облыс әкімі атындағы шыршаға қатысты, сыйға берген ақшаға телефон сатып алды, Орталықтың әлеуметтік серіктестерінен көптеген сыйлықтар алды , ең бастысы, ол қазір №24 МГ-ның толыққанды оқушысы.

Татьяна Викторовна, сізге балалардың өміріне шын жүрекпен араласқаныңыз үшін, сыйлықтарыңыз бен жылы , құшағыңыз, ізгі тілектеріңіз үшін алғыс айтамыз . Өйткені, досыңмен жүздескен әрбір кездесу жағымды эмоция сыйлайды, жаныңа қуат береді,көңілге жылы сезім ұялатады! Әр баланың достар тізімінде Татьяна Викторовна Шмидт сияқты жарқын және мазасыз досы болсын!