Асыл әжелер

Бүгін біздің Орталыққа құрметті қонақтар — «Ана ұлағаты» қоғамдық бірлестігінің әжелері келді. Кездесу «Адал Азамат» бағдарламасы аясында өтті және ол нағыз даналық сабағына, құрмет пен Отанға деген сүйіспеншілікке айналды.

Қонақтарымыз тәрбиеленушілерге маңызды өсиеттерін жеткізді. Қазақстанның әлемдік қоғамдастықтағы лайықты орны туралы айтып берді.еЕліміздің жетістіктерін еске салып, халқымыздың еңбегімен алған құрметі жайлы баяндады.

Өз бастауын ұмытпау, дәстүрді қадірлеу, үлкенді сыйлау және бейбіт аспанның қадірін білу қаншалықты маңызды екенін ерекше атап өтті.

Әжелер жүректен шыққан сөздері арқылы балаларға ең басты ойды- Отанға деген мақтаныш әрқайсымыздан басталатындығын,өз тегімізді, отбасымызды, мәдениетімізді сүйе білуден басталатындығын   айтты.

Кездесудің ең әсерлі сәті «Асыл әжелер» ансамблінің  өнер көрсетуі болды, ол балаларға көтеріңкі көңіл-күй мен жылы эмоция сыйлады.

Даналық сөздерімен, шынайы әңгімесімен және балаларға деген жылулығымен бөліскен қадірлі қонақтарымызға зор алғыс айтамыз! Осындай кездесулер біздің тәрбие жұмысымызды тереңдетіп, мазмұнын арттыра түседі.