Жаңа жыл - бұл сиқырлы және тілектердің орындалатын уақыты, әрі, мейірімділік мерекесі! Дәл осы мерекеде кезінде біз әрқайсымыз жалғыз емес екенімізді, өзінің жан жылуымен бөлісуге дайын адамдар бар екенін көбірек сезінеміз. Достық үйінің директоры, қамқоршылық кеңесінің мүшесі Конакбаева Зауреш Сагидулловна орталық тәрбиеленушілерін жылы лебізбен құттықтады және балаларға сыйлықпен келді. Сонымен қатар, Зәуреш Сағидоллақызы үлкен қоғамдық жұмыс жүргізеді, ол біздің Эмилияның тәлімгері болып табылады, ол оны әрдайым асыға күтеді.
Зәуреш Сағидоллақызы балалардың рухани – адамгершілік, шығармашылық дамуына ерекше көңіл бөледі және балалардың туған үйге, Отанға деген сүйіспеншілікке, үлкендерге деген құрметке ерекше назар аудардарын тіледі. Зәуреш Сағидоллақызы, достығымыз үшін, балаларымызға қолдау көрсетіп, көңіл бөлгеніңіз үшін рахмет! Жаңа жылыңызбен! Сізге шығармашылық табыс, денсаулық, отбасылық амандық тілейміз!