2021ж.19.11. күні Орталықтың тәрбиеленушілері Екібастұз қаласындағы Достық үйіне барды. Достық үйінің директоры Конакбаева Зауреш Сагидулловна және мәдени іс шара ұйымдастырушы Лазарева Марина Дмитриевна ҚР – ның 30 жылдығына орай этномәдениет орталықтары бойынша экскурсия ұйымдастырды.
Екібастұз қаласындағы Достық үйі этномәдени бірлестіктер үшін ресурстық, мәдени және әдістемелік орталық болып табылады, бірлік, этноаралық өзара келісім идеяларын қалыптастырумен және таратумен , қазақстандық патриотизмді насихаттаумен, мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізумен айналысады. Балалар 13 этномәдени бірлестіктің қызметімен танысты, кабинеттерге барды, құрылу тарихын тыңдады, тұрмыстық заттар, Ұлттық киім, музыкалық аспаптарды зерттеді.
Балалар Зауреш Сагидулловнаны қызығушылықпен тыңдады, ол оларды Достық үйінің әрбір орталығына ертіп барып, түрлі этностардың қызметі туралы сүйіспеншілікпен айтып берді. Соңында ұлттық костюмдерде жалпы фотосессия өтті. Зәуреш Сағидоллақызы мен Достық үйінің барлық қызметкерлеріне ұзақ жылғы достық, өзара ынтымақтастық үшін мазмұнды экскурсия үшін алғыс айтқымыз келеді! Біздің керемет еліміздің барлық тұрғындарына бақытты өмір мен бейбітшілік тілейміз!