2022ж.05.05. күні тәрбиеленушілер үшін Екібастұз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің "конфессия аралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы" КММ –нің теологы Ирина Хамитовна Джикибаевамен кездесу ұйымдастырылды. кездесу тақырыбы: «Дәстүрлі және дәстүрлі емес дін туралы түсінік».
Балалармен әңгіме барысында Ирина Хамитовна ел Конституциясы Қазақстан Республикасын зайырлы мемлекет ретінде анықтайтынын, біздің елімізде Қазақстан халықтарының рухани мұрасымен үйлесетін барлық діндердің мәдени және тарихи құндылығы танылатынын, әр адамның сенім бостандығына құқығы құрметтелетінін, азаматтардың діни сеніміне қарамастан тең құқылы болуына кепілдік берілетінін атап өтті. Қазақстанда қандай негізгі діндер бар екендігі туралы айтып, дәстүрлі емес діндерге тән ерекшеліктері мен түрлерін ашып айтып берді.