Орталықта жыл сайын екінші маусымда өтетін Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған "Восточный" разрезінің еңбек ардагерлерімен дәстүрлі кездесу өтті . Өздеріне құрметпен қараған жастарға еңбек ардагерлері риза болды. Олар біздің тарапымыздан жасалған әр бір ісімізге, назар аударғанымызға қуанады. Өйткені , қазіргі уақытта жас ұрпақтың қарт адамдармен қарым-қатынасында кемшілік бар екені рас. Бірақ "Восточный" разрезінің еңбек ардагерлері мен және Орталықтың тәрбиеленушілерінің байланыс туралы бұлай айту мүмкін емес.
Белгілі бір күндерде кездесуден басқа, бізде ұрпақтар кездесуі, сенбіліктер , мерекелік кештер өтеді . Ал бүгін балаларды қорғау күніне арналған кездесу аясында " Планетаны бірге безендірейік!» атты эколгоиялық десант өтті. Балалар ересектермен бірге гүл көшеттерін отырғызумен айналысты. Өз тәжірибесі мен білімін разрезді, қаланы дамытуға арнаған дана, тәжірибелі, мейірімді, талантты адамдардың кездесуі өте жылы өтті. Соңында әңгіме мерекелік түскі асқа жалғасты, балалар ән айтып, өлең оқыды.