19 қазанда Республикамызда атап өтілетін Құтқарушылар күні қарсаңында балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері Екібастұз қаласының 2-ӨСБ – не экскурсияға барды.
Азаматтық қорғау бөлімі бастығының орынбасары Талғатов Нұрсұлтан Бауыржанұлы бөлім бойынша егжей-тегжейлі экскурсия өткізіп,құтқарушылардың жұмысы туралы айтып, техниканы сырттан және ішінен тамашалауға мүмкіндік берді.
Әңгіме барысында ол сұрақтар қойды, жағдайларды модельдеді және балалар белгілі бір жағдайдар бойынша іс-қимыл алгоритмін құрастыруға белсенді араласты.
Екібастұз қаласының құтқару бөлімшесінің бас құтқарушысы Дьяченко Павел Павлович сүңгуірлердің жұмысы және кинологиялық қызметтің жұмысы бойынша таныстыру сұхбатын өткізді. Бірақ ең күтпеген және есте қаларлық нәрсе - құтқару қызметінің болашақ қызметкері - Санди есімді итпен танысу сәті болды,ол өзінің ит баптаушысымен бірге жаттығып, үйренуде және жақын арада құтқарушылар тобының құрметті қызметкері болады!