2023ж.13.02. күні «Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы» КММ –де «Екібастұз қаласының қалалық Ауғанстан соғысы ардагерлер одағы» ҚҚ өкілдерімен кездесу болып өтті. Ауғанстан соғысы… Біз ол туралы білетініміз көп те аз да емес! Ол тарихта қалды, бірақ жас ұрпақ сол қорқынышты жылдардағы оқиғаларды, халықаралық парызын батыл орындаған батыр адамдарды есте сақтауы керек. Кездесу дөңгелек үстел форматында өтті. Ардагерлер Ауғанстан мен Ауғанстанда өткізілген жылдар туралы, соғыстағы өмір туралы, командирлер мен әріптестер туралы, ауыр шайқастар туралы естеліктерімен бөлісті, ал тәрбиеленушілер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап ала алды. Балалар сол жылдардағы оқиғалар туралы әңгімелерді үлкен қызығушылықпен тыңдады, біздің жерлестеріміздің естеліктеріне ешкім бей-жай қарамады . Жиналғандар қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Шақырылған қонақтардың әрқайсысы балаларға өз сөздерінде Отанды сүю , дене шынықтыру және спортпен шұғылдану, дені сау және Отанды кез келген жаулардан қорғауға дайын болу керектігін айтты. Балалар өз кезегінде жауынгерлік іс-қимылдарға қатысушыларға сөз сөйлегендері үшін алғыс айтып, оларға отбасында денсаулық пен амандық тіледі. Балаларды қолдау орталығының басшысы Н. Ә. Әбдірахманова бүкіл ұжым атынан Ауған соғысы ардагерлеріне алғысын білдіріп, кеңес әскерлерінің контингентін Ауғанстаннан шығарудың 34 жылдығымен құттықтады. Іс-шара соңында балалар қонақтарға үйді аралатып, экскурсия өткізді.