Футболдан жақсы не болуы мүмкін? Әрине, футбол! "Футбол-балалық шақ ойыны!"Осындай ұранмен жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілері мен балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері арасында Балаларды қорғау күніне арналған жолдастық турнир өтті.
Футбол кездесуінің демеушілері "Ақ жол" партиясының өкілдері - облыстық мәслихат депутаты Ярошенко Павел Иванович пен Винс Николай Андреевич болды. Матч аяқталғаннан кейін барлық қатысушыларға сертификаттар мен жалпы кубок табысталды. Павел Иванович барлығын мерекемен құттықтап , ұжымға, Орталықтың басшысы Н.А. Абдырахмановаға алғысын білдіріп, өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды тәрбиелеу мен дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс хат табыс етті.
Марапаттау рәсімінен кейін қонақтар мерекелік түскі асқа шақырылды, дәмді түскі ас кезінде құттықтаулар, әндер, тілектер айтылды.