Kids Party

Дүниежүзілік балалар күні қарсаңында "Достық үйі" КММ "Жастар" қоғамдық бірлестігі  ИнЕУ жоғары колледжінің студенттерімен бірлесіп, өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығында "Kids Party" ойын – сауық бағдарламасын өткізді.

Балалар ойындарға, байқауларға қызығушылықпен қатысып, түрлі TikTok трендтерін түсірді. Мереке көптеген жағымды эмоциялар мен әсерлер қалдырып, қызықты және көңілді болды.