2026 ж. 30.03. Орталық қалалық кітапханада ынтымақтастық туралы меморандум аясында біздің тәрбиеленушілер үшін "Шығармашылық түйнегі " атты арнайы шеберлік сыныбы ұйымдастырылды.
Оны "28 ілмек" еріктілер клубы — үлкен жүрегі мен маңызды миссиясы бар жоба өткізді. Мұнда тек тоқуға үйретіп қана қоймайды -мұнда мейірімділік, қайырымдылық және шынайы адамгершілікке үйретеді.
Клубтың шеберлері ең кішкентай — шала туылған сәбилерге жылы тоқылған бұйымдар жасайды, бұл оларға өмірдің алғашқы күндерінен бастап аман қалуға және жылы сезінуге көмектеседі.
Бұл оқиға біздің қыздарға қатты әсер етті…
Мастер-класстан кейін де әңгіме аяқталмады- үйде де жалғасты.
Олар ана туралы, махаббат туралы, қамқорлық туралы,қажет болу және жақсылық жасау қаншалықты маңызды екендігі туралы әңгімелесті.
Осындай маңызды және рухани іс-шараларды ұйымдастырғаны үшін Орталық қалалық кітапханаға шын жүректен алғысымызды білдіреміз!
Каникул барысында балалар "Самғау" балалар шығармашылық орталығымен және "Қайнар"ББК-мен бірлесіп ұйымдастырылған көптеген шығармашылық кездесулер мен мастер-класстардың қатысушылары болды.
Бұл демалыс шынымен пайдалы, белсенді және қызықты өтті.