Алматы қаласында баскетболдан "Үміт Кубогы-2023"Республикалық чемпионаты басталды. Екібастұз қаласының БҚО командасын атынан біздің 18 тәрбиеленушіміз сайысқа қатысуда . Чемпионат 2-7 қараша аралығында Champion спорт кешенінде өтеді. Жобаның ерекшелігі чемпионатқа қатысушылар- балаларды қолдау орталықтары мен балалар ауылдарында тұратын балалар. Биылғы жылы жарысқа еліміздің 16 өңірінен 16 орталықтың тәрбиеленушілері қатысуда.Жоба "Халық лигасы"деп аталады. Оған толық демеушілік жасап қолдау көрсететін Halyk Bank.
Жобаның негізгі миссиясы - тәрбиеленушілерді жаңа жетістіктерге шабыттандыру және оларды болашақ ересек өмірде сенімді нұсқаушысы бола алатын спорт әлемімен таныстыру. Біздің баскетболшылар командасын жаттықтырушы Азамат Дүйсембайұлы Әбікеев дайындады . Балалар Шакаров Әділ Нұрланұлының жетекшілігімен мектепте ойнау дағдыларын бекітті.
Біз чемпионатты ұйымдастырушыларға балаларды баскетбол секілді әдемі спорт түрімен айналысуға тартқаны үшін, салауатты өмір салтын насихаттағаны үшін, Қазақстанды олар үшін жаңа форматта көру мүмкіндігін бергені үшін алғыс айтамыз!
Көптеген балалар үшін" Халық лигасы " өмірде өз орнын табуға көмектескен нағыз әлеуметтік лифтке айналды. Тәрбиеленушілер жақсы оқи бастады, спортпен шұғылдана бастады, сондай-ақ "Үміт Кубогы-2023"чемпионатында өз құрдастарымен кездесіп, танысуға, халықаралық дәрежедегі жаттықтырушылар мен төрешілер алдында өз жетістіктерін көрсетуге мүмкіндік алды.